"Жауынгерлік бауырластық" қоғамдық бірлестігіне қарасты "Әлия" іздестіру тобы кезекті экспедициядан оралды. Отряд 26 сәуір мен 6 мамыр аралығында Ресейдің Новгород облысында қазба жұмыстарын жүргізген.
Бұл өлкеде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында нөмірі 74-ші жеке теңіз атқыштар бригадасының жауынгерлері қаза тапқан деген дерек бар. 30-ға жуық іздестіру тобымен бірлесе жұмыс істеген ақтөбелік ізшілер 377 сарбаздың сүйегін тауып, қайта жерлеген.
Оның жетеуінің тегі анықталған, бірақ олардың арасынан отандастарымыз табылмады,- дейді отряд жетекшісі Гумер Галеев.