Қоғамдық штаб мүшелері, депутат Әсем Ілиясова мен Олжас Мектепбаев Трикотажник бау-бақша ұжымына барып, суға кеткен үйлердің жайын көрді. Тексеру барысында толтырылған акт шығынды бағалаушы комиссияға тапсырылады. Айта кетейік, қала бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталды. Қазір техникалық сарапшылар мен мүлікті бағалаушылар ғана жұмыс істеп жатыр. Содан кейін тұрғындардың материалдық шығыны өтеледі.