Қалада дзюдодан алтыншы республикалық ашық турнир басталды. Жекпе-жек сарайында өткен жарысқа 2008-2009 жылғы жасөспірімдер қатысып жатыр. Палуандар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айдар Жиембаевтың жүлдесін сарапқа салады. Турнирге еліміздің әр түпкірінен 300 спортшы келді. Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған доданы дзюдодан облыстық федерация ұйымдастырды. Боз кілемде белдескен спортшылардың өнерін екі күн бойы тамашалауға мүмкіндік бар.