7 мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсаңында өңірдегі ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Осы орайда қаладағы №1-ші орта мектепте 2011 жылы діни экстремисттердің қолынан қаза тапқан полиция капитаны, Рүстем Кенжалинге арналған әскери даярлық сынып ашылды. Жаужүрек қызметкердің батыл қадамын облыстық Полиция департаментінің бастығы көп алдында айтып, ерлігін мектеп оқушылары мен тәртіп сақшыларына үлге етті.