Күн жылына бастаса қала тұрғындары үйін ескі-құсқы мүліктен тазартады. Ол жақсы үрдіс. Бірақ, нақ осы жарамсыз ауыр заттардың арнайы полигонға емес, қоқыс контейнерлерінің жанына жиналатыны қынжылтады. Қазіргі уақытта Алматы ауданының әкімдігі ескертуге құлақ аспай, айналасын ластағандармен күресіп жатыр. Жалпы бұл шаһар тұрғындарының барлығына қатысты айтылған сын. Жұмысымды жеңілдетемін деп, айыппұл арқалап кетіп жүрмеңіз.