Облыстық жастар ресурстық орталығының белсенді жастары мен жоғары оқу орындарының студенттері Жеңіс лентасын тарата бастады. Мұндай акция елімізде 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Ұлттық оюмен көмкерілген көк түсті лентаның мәні - соғыста елі үшін шайқасқан майдангерлердің ерлігін еске алып, тағзым ету. Патриоттық акция орталық базардан бастау алды.

Мұнда 100-ге жуық лента таратылды.