Қауырт кестемен жұмыс істейтін облыстық жедел жәрдем бекетінің қызметкерлері бүгін бір сәтке болсын бой сергітті. Мереке қарсаңында олар волейболдан "Бас дәрігердің ауыспалы кубогы" үшін сайысқа түсті. Барлығы 9 команда бақ сынады. Турнир соңында үздік өнер көрсеткен ойыншылар мен команда мүшелеріне кәсіподақ тарапынан ақшалай сыйлық пен арнайы диплом, медальдар табысталды.