Қаладан Хромтау бағытына шыға беріс жолдың бойы қоқысқа толы. Заңсыз төгілген қалдықтарды мамандар рейд кезінде анықтады. Өңір аумағында былтырдан бері тазаланбай тұрған қоқыс орындары аз емес. Өткен жылы қоқыс заңсыз төгілген 292 жер учаскесі табылды. Басым бөлігі қалада. Хромтау, Қарғалы, Алға, Мәртөк аудандарында да жетерлік. Аталған 292 учаскенің 267-сін жергілікті атқарушы органдар өз күшімен тазалады. Ал қалған 25 орында қоқыс көлемінің көп болуына байланысты тазалау жұмысы арнайы қаржы бөлуді қажет етеді.