Жат ағымның жетегінде кеткендерді оңалтатын діни мамандар біліктілігін арттырды. Шараға аудан және қала имамдары, дінтанушылар, теологтар, сондай-ақ арнайы Астанадан келген тәжірибелі мамандар қатысты. Олар өзара тәжірибе алмасты. Биыл аталмыш семинарға 50 адам келіп отыр. Шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.