Қала жастары үйлері суға кеткен еңбек ардагерлеріне барып, аулалары мен баспаналарын тазартуға көмектесті.

Шығанақ Берсиев атындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 20 студенті бүгін Сақтаған Шаймұхановтың үйіне келді. Еңбек ардагерінің баспанасы Қарғалы өзенінің жағасында орналасқан.

Су тасыған кезде көлігі мен тұрмыстық бұйымдарын қауіпсіз жерге шығарып үлгермеген. «Жасыл ел» жасағының мүшелері барлық дүние-мүлікті тысқа шығарып, баспананың ішін жинауға қолғабыс етіп жатыр.