Қаладағы № 65 орта мектепте кадет сыныптары арасында жарыс өтті. Біріншілік Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шаһардың155 жылдығына арналған. Айта кеткен жөн, өңірдегі 6 мектепте кадет сыныбы бар. Сайысқа оның төртеуі қатысты. Чемпионат қорытындысына сәйкес, бірінші орынды № 70 мектеп командасы иеленді. Ал, екінші орын № 65 мектепке бұйырды. №41 мектеп пен Сазды ауылының командалары үшінші орыннан көрінді. Шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.