Қалалық мәдениет үйінде "Аңыз болған абысындар" байқауы өтті. Сайыс биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы 12 келін бақ сынады. 4 кезеңнен тұратын байқауда келіндер өнерлерін, қазақ салт-дәстүрін және Ақтөбе өңірінің тарихын қаншалықты білетінін көрсетті.