Өңірге еліміздегі Футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов келді. Іссапар кезінде осы салаға жауапты мамандармен кездесу өткізді. Негізгі тақырып - футбол федерациясының жұмысын жетілдіріп, дамыту. Әсіресе футбол астанасы атанған Ақтөбеде ілгерілендіру мәселесі өзекті. Ең маңыздысы - инфарқұрылымды дамыту және білікті жаттықтырушылардың жұмысы. Осы екі сала мықты болса, жергілікті жерде жас ойыншыларды тәрбиелеуге мүмкіндік мол.