Еліміздегі асфальтбетон зауыттары тексеріліп жатыр. Бұл жаңа маусымға дайындық алдындағы жұмыс. Әрі жол салуға қажетті материалдың сапасы да маңызды. Өңірде бұл жұмысты Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен жол сапа мамандары атқарып жатыр. Барлығы 30 зауыт анықталды. Оның төртеуі республикалық, тоғызы облыстық, өзгесі аудандық.