Ауланы жөндеп, ойын алаңын, тіпті қараусыз қалған аумаққа сквер салуға болады. «Халық қатысатын бюджет» жобасының арқасында тұрғындардың дәл осы ұсыныстары қолдау тапты.

Қазір балалар асыр сап ойнап жүр, ал ата-аналары дән риза. Тиімділігі көзге көрініп тұрған соң жобаны қолдау жалғасып жатыр. Биыл 2 млрд 200 млн теңге қаржы бөлінген.