Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің Қазақстандағы туризм және мәдениет атташелері Алматыдағы БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екі елдегі туризмді дамыту мәселелері, медициналық туризм, биылғы жаңа жобалар мен мақсаттар талқыланды. Жүздесуде Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызының ұйымдастырды. Еркін форматта өткен кездесудің басты мақсаты - туризм саласын меңгерген мамандармен пікір алмасу, екі елдегі осы саланың дамуын бағалау. Айтып өтейік, Түркиядағы туристер саны 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда, 10 пайызға артқан. Осылайша елдің туризм кірісін 54,3 миллиард долларға жеткізген. Бұл – рекордтық көрсеткіш.