Өңірде папилломаға қарсы екпе салу жөнінде ақпараттық науқан басталды. Дәрігерлер білім ошақтарына барып қауіпті вирустың жұғу, асқыну факторларын түсіндірді.

Айта кету керек, адам папиллома вирусының асқынуынан жатыр мойнының обыры пайда болады. Ал бұл - онкологиялық аурулардың үштігіне кіретін, аса қауіпті диагноз.

Сондықтан індеттің алдын алудың жалғыз жолы ерте жастан вакцина алу, дейді дәрігерлер.