Кеше Қобдамен қатар Темір және Мұғалжар аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Темір ауданында өзен көтеріліп, төменде тұрғын Саркөл, Құмсай, Қопа ауылдарына қауіп төндірді.

Сондықтан бұл ауылдың тұрғындарын көшіруге шешім қабылданған. Ал Мұғалжар ауданында Ембіге кіреберіс көпір сыр беріп, қатынас қиындады. Сонымен бірге бірнеше ауылда қауіп күшейіп, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырыс шешім қабылдады.

Ал бүгін Ойыл ауданындағы жағдай қиындады. Мұнда Екпеталды су басқан. Бірнеше ауылда жарық, жол қатынасы жоқ. Бұл тізімге Әйтеке би ауданы да қосылды.