Ал Қобда ауданында қазірдің өзінде 160-тай үйді су алып кетті. Қызыл судың нөпіріне шыдамаған 10 шақты баспананың қабырғасы құлап, іргетасы ыдыраған.

Жермен-жексен болған кейбір баспаналардың су бетінде шатыры ғана қалқып жүр.

Туыс-туғанның үйін паналағандарды есептемегенде, 70-тей адам мен олардың малдары қауіпсіз жерге шығарылды.