Шаһардағы №34 "Таңшолпан” бөбекжай балабақшасы “Күншуақ” ересек тобының балақайлары байқаудан жүлдегі оралды.

Олар Түркістан қаласында өткен “NAURYZ FEST 2024” бірінші республикалық фестивальде вокал жанры бойынша бас жүлдені иеленді. Ал мәнерлеп оқудан 1 орынды қанжығаларына байлады.

Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық бала қатысып, түрлі жанр бойынша өнер көрсеткен. Жеңімпаздарды балабақша ұжымы әсем әнмен, түрлі сыймен қарсы алды.