Өңір басшысы облыстағы ахуалды баяндады. Facebook-тегі парақшасында бейнежазба жариялап, табиғи апатқа ешкім тосқауыл бола алмайтынын, синоптиктердің жауын-шашын болады деген болжамы жағдайды қиындатқанын айтты. Сонымен бірге тұрғындарға алғысын білдіріп, материалдық шығынды есептейтін комиссия құрылғанын хабарлады.