Жыл басынан бері Адам құқықтары жөніндегі департаментке 123 шағым түскен. Олардың басым бөлігі еңбек даулары мен сот шешімдеріне қатысты. Шағымданушылардың қатарында студенттер де бар. Олар көбіне еңбек заңнамасы бұзылды деп келеді. Бүгін Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бірлескен дөңгелек үстел өтті. Шарада зорлық-зомбылықтың алдын алу, адам құқықтары жөнінде біршама тақырып қозғалды.