Маңғыстау облысынан құтқару жасағы жетті. Көршілес облыстан барлығы 52 адам келді. Оларда 5 техника мен 8 мотопомпа бар. Бәрі де Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында авариялық-құтқару жұмыстарына көмектесіп жатыр. Айтып өтейік, бұл Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімін. Мұнда қазір вице-министр Ерлан Нұрпейісов жүр.