Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев пен аудан әкімі Саламат Аманбаевтың төрағалығымен су тасқынына қарсы штаб отырысы өтті.

Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, 24-ші наурыз күні кешкілік су арық арқылы аққан. Ал 25-ші наурыз күні кешкілік су жағадан шыға бастады.

Қазіргі кезде мұнда облыстық, аудандық төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де тынымсыз жұмыс істеп жүр. Сонымен бірге Маңғыстау облысынан құтқару жасағы көмекке келеді. Техника мен жұмыс күші жеткілікті.