Өңір басшысы Асхат Шахаров Темір ауданына барды. Мұнда жаңбыр жауып тұр. Құтқарушылар мен штаб қызметкерлері үзіліссіз жұмысты жалғастырып жатыр. Әсіресе тұрғын үйлерге су кіріп кетпес үшін ағын бағытын бұру, құм толы қап төсеу және су сору жұмысы атқарылып жатыр.