Елімізде көлік жолдарының жай-күйі өзекті мәселе екені белгілі. Соның ішінде шаһарда көктем туып, қар ерігенде жолдың «жыры» қайтадан басталды.

Былтыр ұлттық сапа орталығы үш жарым мыңға жуық жол құрылыс материалдарынан сынама алып, оның тоғыз жүзі талапқа сай емес екенін анықтаған.

Биыл да бұл жұмыс жалғасады.