Облыста 14 мектеп салынады. Бұл 1 апатты, 6 ескі, 1 үш ауысымды және 6 орын тапшылығы бар білім ордасының мәселесін шешпек. Ал, Жаңақоныс, Есет батыр тұрғын алабы мен Ақжар, Ақшат елдімекендерінің тұрғындары үшін бөлек жедел жәрдем бекеті салынады. Жол, жарық мәселелері де күн тәртібінен түскен жоқ. Депутаттар облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясында 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті тағы бір нақтылады.