Шалқар ауданында Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Көшеге киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды. Аудан әкімі Жанболат Жидеханов халықты мерекемен құттықтап, өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан Хайролла Сейілханов пен Аманжол Аязбаевқа "Шалқар ауданының құрметті азаматы" атағын тапсырды. Қоғамдық шараларға белсенді қатысып, демеушілік көрсетіп жүрген азаматтарды да Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ теміржол саласының ардагері Аманғазы Бақтыбаев отбасы атынан Жұмағалиевтер отбасына 3 бөлмелі үйдің кілтін тапсырды. Шара барысында ауданның көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық спорт та ұлықталды.