Қар суы бірнеше аудандағы ауылды әбігерге салды. Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта 5 үйге, 25 аулаға су кірген. Қазіргі кезде өңірге Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов келіп, сол ауданда жедел штабты басқарып отыр.