Наурызды өз ауласында тойлағандар да бар. Мысалы Есет батыр көшесіндегі 5-ші үйдің тұрғындары аулаға киіз үй тігіп, ұлттық ойындар ұйымдастырды. Олар Ұлыстың ұлы күніне қаңтардан бері дайындық жүргізген.


Тұрғындардың айтуынша наурыз мейрамын тойлау жастарға үлгі-өнеге болады. Мерекеде балалар ұлттық болмысын тани түседі.