Ертең 10 ақпанда бүкіл әлем Шығыс немесе Қытай Жаңа жылын тойлайды. Дәстүр бойынша бұл мереке жаңару, мейірім мен ізгілік сынды асыл қасиеттерді біріктіреді. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы өңірімізде ширек ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Кәсіпорынның негізгі акционері - Қытай ұлттық мұнай корпорациясы. Акционерлік қоғам көмірсутектерді өндірумен қатар, өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыратын салаларға әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетіп келеді. Шығыс мерекесі қарсаңында серіктестікке қарасты Кеңқияқ бөлімшесінің мұнайшылары өткен жылы атқарған игі істеріне тоқталды.