«Туған жердің түтінін сағындым!» Ақтөбе облысындағы Құрмансай ауылына қайтадан көшіп келушілер көбейген. Олардың бірі, тіпті, Германиядан оралған. Андрей Шульдайс елде қалған достарымды, жусан иісін сағындым дейді. Андрейден бөлек, ауылда бұрын тұрмаса да, осында келіп, мал шаруашылығымен айналысуға ниет еткендер де баршылық.