Мемлекет басшысы ел халқына жолдауында ауыл шаруашылығы саласына – етті, сүтті, астықты терең өңдеуді басты міндет етіп қойды. Үш жылдың ішінде өңделген өнімдердің үлесін 70 пайызға жеткізу жоспарлануда. Ал бұл жұмыс облыста қарқынды жүргізілуде. Осылайша, Қарғалы ауданы, Степное ауылында толық өндірістік цикл жолға қойылған формация қырық жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ диқандар өңірдің дамуына үлес қосып, жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытуда.