Негізгі Жаңалықтар ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАР ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН

ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАР ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН


Шетелдік компаниялар Ақтөбе облысына инвестиция салуға дайын. Өңір басшысы Асхат Шахаров инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. «Ақтөбе облысы көптеген шет елдермен тығыз қарым-қатынаста. Мемлекет басшысымен инвестицияларды тартуға және шетелдік компаниялармен көпжақты қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударылуда.

Бүгінгі таңда шетелдік капиталдың қатысуымен мыңнан астам кәсіпорын бар.

Жыл сайын Ақтөбе облысының әлемнің барлық елдерімен сыртқы сауда айналымының өсуі байқалады. Мәселен, 2023 жылы қаңтар-қыркүйекте оның көлемі 3,1 млрд АҚШ долларынан асты. Біз Ақтөбе облысының экономика саласына инвестиция салу бойынша ұсыныстарыңызды қарастыруға әзірміз», - деді Асхат Шахаров.

Өз кезегінде, қонақтар өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.


Бөлісу