Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Осы күнге орай Ақтөбе полицейлері "Жол қауіпсіздігі апталығы" акциясын ұйымдастырды. 


Акция аясында түрлі бағытта іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, көлік жүргізушілерінің назарын аудару үшін, жаяу жүргіншіге әсіресе балаларға жарық шағылыстырғыш элементтері бар киімдердің маңызы туралы көрсетті. 


Бұл бағытта тәртіп сақшылары білім ордаларында арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  


Сондай-ақ апталық аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қан тапсыруды және ағаш отырғызуды жоспарлаған