Ақтөбелік әскерилер самбодан өткен әлем Кубогінде алтын және қола медальді иеленді. Еламан Қойшыбаев пен Ғазиз Бейбіт қаладағы 66/55 әскери бөлімінің қызметкерлері.

Байрақты бәсеке Сербияның Нови-Сад қаласында өткен. Елге абыроймен оралған спортшыларды бір топ ақтөбелік әуежайдан оркестрмен күтіп алды.

Айта кеткен жөн, Еламан Қойшыбаев медальмен қоса қараша айында Арменияда өтетін Әлем Чемпионатына жолдама алды.