5 маусым - дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Қазақстандағы экологтар күні. Осыған орай аймақ басшысының қатысуымен салтанатты жиын өтті. Қоршаған ортаны қорғауға атсалысып жүрген саланың үздік қызметкерлері облыс әкімінің қолынан марапат алды. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. Ассамблеяның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасын басшылыққа ала отырып, өткізіліп келеді.