Есет батыр тұрғын үй алабындағы үш бірдей шағын аудан тұрғындары жаз басталғалы ауыз суға жарымай отыр. Бір аптадан бері су шектеліп, уақытпен ғана беріліп келеді. Күнделікті тұрмыс үшін қажеттілік түгілі, ішердің өзіне бір тамшы су таппай қалдық дейді көпшілік. Дүкеннен литрлеп сатып алып, көлігі барлар қаладан тасып ішіп жүр. Аптап ыстықта сусап отырған көптің жайын әріптесім біліп қайтты.