Жайсыз жағдай жаға ұстатты. Өңірде соңғы екі айда кәмелетке толмаған екі бала өз-өзіне қол жұмсаған. Ал өз өмірін қиюға тәуекел еткен үш жасөспірімді жауаптылар дер кезінде өлімнен арашалап қалды. Қазір мұндай келеңсіз жәйттер 14 пен 18 жастағы жасөспірімдер арасында өршіп тұр. Өткір мәселенің шешімін табу үшін мамандар басқосты.