Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас отбасылар сайысы өтті. Байқауға қатысуға барлығы 25 өтініш түскен. Соның ішінде 7 отбасы іріктеліп алынып, сәлемдесу, шаңырақ шаттығы тақырыбында бейнеролик дайындау және сұрақ-жауап кезеңдері бойынша сынға түсті. Отбасы құндылығын насихаттауда белсенділік танытып, тыңғылықты дайындық үлгісін көрсете білген бірінші орын иегеріне 100 мың теңге ақшалай сыйақы табысталды.
Екінші орынға 70, үшінші орынды қанжығалан отбасыға 50 мың теңге берілді.