Жаз мезгілінде тұрғындар жан-жаққа саяхаттай бастайды. Әсіресе пойызбен іс-сапарға шығатындар көп. Сондықтан жыл сайын жолаушылар арасында аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында мамандар оқу-жаттығудан өтіп тұрады. Осы жолы да жолда тырысқақ ауруына шалдыққан науқас анықталса қандай шара қолдану керек деген сауалға жауап іздеп көрді...