Облыстық "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің басын біріктірген "Ақтөбе медиа" серіктестігі мен "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігі арасында меморандум жасалды. Өзара ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы келісім аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады. Айтып өтейік, "Ақтөбе медиа" серіктестігі үнемі ішкі талдау жүргізіп отырады. Тіпті комплаенс-офицер қызметін атқаратын арнайы маман да бар. Ол "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңнамалардың сақталуын қамтамасыз етеді.