Бұл мәдениет қайраткері, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Еркін Құрманбек таңдау жасаған 60-шы сайлау. Бірде-бір саяси науқаннан қалыс қалмаған ардагер №30 қазақ орта мектебінде орналасқан 46-шы учаскіге зайыбымен бірге келді. "Таңдау жасау арқылы біз болашағымызды айқындаймыз",- дейді ол.