Облыста "оқитын өлке" акциясы өтіп жатыр. Акция аясында аймақтағы жазушылардың еңбектерін насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгін Сақтаған Бәйішев атындағы кітапханада жазушы Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жыл толуына орай "Замана перзенті" атты әдеби кеш өтті. Ырғыз топырағында туған қарымды қаламгердің "Ата қоныс", "Ауыр күндерде" шығармаларына жоғары баға берілген. Ал "Қарт сарбаздың хикаясы" еңбегі - тағдырлы туынды. Шығарманың бүгінгі күнге жетуіне атақты жазушы Мұхтар Мағауин себепкер болған.