Қорғаныс министрлігі әскери қызметтің жағдайын жақсарту үшін түрлі шара қабылдап жатыр. Әскер қатарында болған азаматтардың ұлттық бірыңғай тестілеусіз жоғары оқу орнына түсуі, сарбаздардың банкке қарыздарын кейін төлеу мүмкіндігі осындай жұмыстың қатарында. Несиені кейін төлеу мүмкіндігін 7 мыңға жуық әскери қызметші пайдалануда. Бүгін Талғат Бигелденов атындағы әуе қорғаныс күштері институтында қорғаныс министрлігі өкілдерімен кездесу өтіп, түрлі сауалдарға жауап берілді. Шараға облыс әкімінің орынбасары да қатысты.