Елордадан жеңіспен оралған "Ақтөбе" футбол клубының ойыншыларын жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды. Кеше Қазақстан чемпионатының 3-ші туры аясында "Ақтөбе" "Астананы" 4-1 есебімен жеңді. Осылайша ақ-қызылдар турнир кестесінде көш бастады. 10 мыңға жуық жанкүйер тамашалаған ойында "Ақтөбе" сапынан Абылайхан Жұмабек, Максим СамАродов, Андрия Филиповичтер гол соқты.