Теологтар тәжірибе алмасты. "Аңсар" ақпараттық талдау орталығында дін саласында оңалту жұмыстарын жүргізетін мамандарға арналған екі күндік семинар өтті. Семинарға 40-қа жуық адам қатысты. Жергілікті мамандардан бөлек, дәріс оқуға діндерді зерттеу орталығының теологтары Астанадан арнайы келді. Бұл деструктивті діни ағымдармен күресуге бағытталған маңызы зор шара. Себебі Ақтөбе діни ахуалы күрделі аймақтардың қатарында