Бірнеше техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары "Үздік кәсіби бағдар беруші" байқауында бас қосты. Шараға 100-ден аса оқушы мен студент қатысты. Қатысушылар қонақтарға мамандықтар көрмесін ұйымдастырды. Әр мектеп және колледж өздері оқытатын салаға қатысты заттарды келушілердің назарына ұсынды.