Ақтөбеде көпбалалы аналарға бизнес жүргізуді тегін үйретеді. Аз уақытта бизнесті жүргізу, жеке кәсіпкерлік ашу, интернет-дүкен құруды меңгеруге болады. Сонымен бірге әлеуметтік желілерде өз парақшасын жүргізу және мемлекеттік қолдау шаралары мен несиелеу бағдарламаларының негіздері түсіндіріледі. Оқу 23-24 қарашада таңғы сағат тоғыздан кешкі 18.00-ге дейін облыстық кәсіпкерлер палатасының тренинг залында өтеді. Қатысу үшін 8 777 737 24 76 телефон нөміріне хабарласу қажет