Ақтөбелік спортшылар джиу-джитсудан өткен барлық жас санатындағы әлем чемпионатынан жеңіспен оралды. Әлем біріншілігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында 10 қараша және 19 қараша аралығында ұйымдастырылған еді. Оған облыстың намысын қорғап барған 20-дан аса ақтөбелік спортшы қатысты. Нәтижесінде, алты алтын, екі күміс және төрт қоланы еншіледі. Олардың қатарында 9 жастағы Осман Асылбек те бар. Спортшы дүбірлі доданы сәтті бастап, сол қарқынынан таймай, бразилиялық және араб қарсыластарын ойсырата жеңді